Саясат
2 мин оқу 165

Мүмкіндіктерді арттыратын меморандум

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен &laquo;АрселорМиттал ТМД&raquo; Бас директоры Виджай Гойал ҚР Үкіметі мен &laquo;АрселорМиттал Теміртау&raquo; АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.</p>

Мүмкіндіктерді арттыратын меморандум

Меморандум Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеу­меттік, экологиялық, еңбек және эко­номикалық салалардағы өсуді көздейді.

Меморандум шарттары бойынша «АрселорМиттал Теміртау» өзін жаңғыртуға инвестицияларды едәуір ұлғайтады, оның инвестициялық келі­сім­шарт шеңберіндегі жиынтық көле­мі алдағы 10 жыл ішінде кемінде 3 млрд долларды құрайды, бұл ретте осы сома­ның көп бөлігі келісім қол­даны­латын алғашқы бес жылда инвестиция­ланады.

Құжатқа сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметі халықтың денсау­лығын және Қазақстан азаматтары­ның әлеуметтік тұрақтылығын одан әрі жақсартуға, сондай-ақ өнеркәсіп­тік қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге, қор­шаған ортаны және экологияны сақтауға бағытталады.

Кокс химиясы және домна өндірі­сінде, конвертер цехында және прокат цехтарында күрделі жөндеу жүргізу, №1 және №2 ЖЭО қазандықтарын ауыс­­тыру және жөндеу, жаңа кокс батарея­ларын салу және іске қосу және басқа да іс-шараларды жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, өзінің барлық өн­діріс­­тік циклін қауіпсіз, экология­лық, әлеу­меттік тұрақтылық мәнінде ауқым­ды талдау жүргізуді ұйымдастырады, соның негізінде тараптар аталған салаларды одан әрі дамыту жөніндегі бағдарламаларды келіседі.

Меморандум жасасу алдында екі тарап өкілдерінің кездесулері болып өтті, онда өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі талқыланды, сондай-ақ өндірісті жаңғырту жөніндегі Жол картасына қол қойылды.

Жалпы меморандумға қол қою тарап­тарға өзара іс-қимылды сапа­лы жаңа деңгейге шығаруға, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өнді­ріс­тік процестерінің қауіпсіздігін жақ­­сар­туға, экологиялық қауіпсіздік талап­­тары­ның қағидаттарын сақтауға мүм­кіндік береді.

Бөлісу:
Мүмкіндіктерді арттыратын меморандум · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар