Оқиға
1 мин оқу 411

Павлодар облысында жас жігіт суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында кішкентай нәресте мен жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«1 тамыз күні сағат 18.00-де Ақсу ауылдық аймағының Пограничник ауылында 2020 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Үйінде су тұрған ыдысқа құлап, көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ сол күні сағат 01.40-та Усолка өзенінен шомылу кезінде суға батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды. 

Бөлісу: