Аймақтар
1 мин оқу 533

«Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, &laquo;Қара бүркіт&raquo; колониясының жанында қатты ыстық ауа райына байланысты құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомство мәлім еткендей, өртті қызметкерлер байқап, бірден сөндіруге кіріскен. Төрт сағаттың ішінде өрт толық оқшауланып, колонияның жеке құрамы өрт сөндіру автокөлігіндегі су қорын тез толтырып отыруға көмектесті.

«Ашық жалын азық-түлік қоймасына қарай өтіп кетпес үшін мекеме басшылығы ТЖД қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Кезекші ауысымдағы барлық күшті жұмылдырдық», деді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Асхат Баламбаев.

Өрт сөндірушілер колонияның жеке құрамын батыл және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді.

«Қара бүркіт» – (ресми атауы – УК-161/3 мекемесі) Қазақстанның Қостанай облысындағы Жетіқара қаласынан 25 шықырым жерде орналасқан төтенше қауіпсіздік мекемесі. Онда аса ауыр қылмыскерлер, атап айтқанда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.

Бөлісу: