Елорда
1 мин оқу 120

Елордада бір көше уақытша жабылды

<p style="text-align: justify;">Иманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми <a href="https://astana.gov.kz/kz/news/news/28271">сайты</a> хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жөндеу жұмыстары 2-4 тамыз аралығына жоспарланған. Осы уақытта Иманов көшесінің Сембинов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.

«Жүргізушілер жолда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», деп жазады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Бөлісу:
Елордада бір көше уақытша жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар