Білім
1 мин оқу 970

Жаңа оқу жылы тағы да онлайн бастала ма?

<p style="text-align: justify;">Желіде &laquo;Жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан өтеді&raquo; деген хабарлама таралуда. ҚР БҒМ осыған байланысты арнайы түсінік берді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды», деп жазады ведомствоның телеграм арнасы.

Бөлісу:
Жаңа оқу жылы тағы да онлайн бастала ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар