Оқиға
1 мин оқу 320

Шығыс Қазақстанда жүк көлігі өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">1 тамызда Семей-Көкентау тас жолында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Шансиман» маркалы жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігінде өрт болып, алдыңғы дөңгелегіне және көлік кабинасына тараған. Оқиға орнына келген құтқарушылар 6 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

Алдын ала болжамдар бойынша, өрттің шығуына жоғары қауіптегі қондырғылармен ұқыпсыз жұмыс істеу себеп болған. Дәл осындай себептермен 2 тамызда Күршім ауылында УАЗ көлігі өртенді. 

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстанда 104 көлік өрті тіркелген.

Бөлісу: