Көкшеде «Ұлы дала рухы» дүбірледі

Ұлттық спорт түрлерінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі басталды. Төл спортымыздың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды түрінен өтетін жарыс командалық тәртіппен жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі айдан астам уақытқа созылады деп жоспарланған фестиваль II кезеңге бөлінген. Алғашқы кезең бәсекесі еліміздің төрт облысында өтеді. Тауда алғашқы кезеңнің алғашқы сайыстары Көкшетау қаласында басталып та кетті. 28-30 шілде күндері көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу сынды спорт түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтті.
Отыз жылдық торқалы тойға орайластырылған ұланғайыр спорт шарасын ұйымдастыруға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК мұрындық болып отырғанын да айта кетейік.
Сонымен, еліміздің солтүстік аймағын қамтитын алғашқы іріктеу жарыстарына Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 180 спортшықатысты. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде көкпардан – Ақмола облысының, аударыспақтан – Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары жеңімпаз атанды. Жамбы атудан тағы да ақмолалықмергендердің бағы жанды. Теңге ілуден – Солтүстік Қазақстан, асық атудан – Ақмола облысы, тоғызқұмалақтан және қазақша күрестен – Нұр-Сұлтан қаласы жігіттері жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, аймақтардағы іріктеу жарыстарында еліміздегі 14 облыс, 3 қаланың командалары бақ сынайды. Үздік шыққан командалар фестивальдің II кезеңінде, яғнифиналда өнер көрсетеді.