Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі орнын сақтап қалды
<p style="text-align: justify;">Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядта спортшылар рейтингін жаңартты. Бұл туралы <a href="https://www.sports.kz/news/ryibakina-ne-izmenila-polojeniya-v-reytinge-wta-po-itogam-vyistupleniya-na-olimpiade-2020">Sports.kz</a> хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жеке разрядта үздік үштік қатарында австралиялық Эшли Барти, жапон Наоми Осака және Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-орында қалды. Еске салайық, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен қола медаль үшін тартысқа түскен еді.
Юлия Путинцева 36-шы орыннан 35-ке көтерілді.
Зарина Дияс төрт позицияға төмендеп, ТОП-100 тізімінен шығып қалды - 103-орында тұр.
Жұптық есепте бірінші орында Элиза Мертенс (Бельгия), одан кейін чех теннисшілері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова орналасқан.
Қазақстандық Анна Данилина жеті сапқа көтеріліп, 89-орында, Рыбакина - 155-орын (+1), Путинцева - 163-орында(+1) тұр.