Қазақстан
1 мин оқу 330

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">3 тамызда Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазгидрометке сілтеме жасап.</p>

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы 43 градус ыстық болады деп күтіледі. Өрт қаупі бар.

Қызылордада күндіз 40-42 градус ыстық болады.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.

Қарағанды ​​облысының бірқатар аймағында 36 градус ыстық болады. Кейбір жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда күндіз 36 градус ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавлда күндіз найзағай күтіледі.

Бөлісу:
Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар