Президент
1 мин оқу 123

Президент Никол Пашинянды құттықтады

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

– Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Арменияның Премьер-Министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Бөлісу:
Президент Никол Пашинянды құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар