Жол бойында «жылқы» тұр
<p style="text-align: justify;">Жол бойында апат көп. Соның салдарынан мерт болғандар же­терлік. Тіпті жол жиегінде жүр­ген төрт түлікті қағып, оқиға ор­нынан қашып кеткен жүр­гізушілер де бар.</p>

«Атырау-Индер» бағытындағы тас жолда апат жиі болады. Осыған байланысты облыстық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерді жол-көлік апатынан сақтандырудың өзгеше тәсілін қолға алды. Полицейлер облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірге тас жолдың үй жануарлары көп жүретін сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін қауіпті учаскелерге макеттер орнатты. Макеттерде полиция көлігі мен үй жануарлары бейнеленген.
– Көліктердің жол бойында жүрген ірі қараны қағуы жиілеп кетті. Мәселен, 17 шілдеде «Атырау-Орал» тас жолымен Алмалы ауылына қарай қозғалған «Ваз-21101» автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, жол үстінде кетіп бара жатқан түйені қағып кеткен. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан кетіп қалған 59 жастағы жүргізушіні анықтады, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Атырау облысы