Спорт
1 мин оқу 240

Үзілмеген үмітіміз бар әлі

<p style="text-align: justify;">Спорттық құзға өрмелеушілер алғаш рет Олимпиадаға қатысады. Отандасымыз Ришат Хайбуллин ел намысын қорғайтын жалғыз спортшы. Токиода соңғы жаттығуларын жасап жүрген жерлесіміз бүгін жарыс жолына шығады.</p>

Үзілмеген үмітіміз  бар әлі

Альпинизм – Олимп дода­сына жаңадан қосылған бес спорттың бірі. 2016 жылы Халық­аралық Олимпиада комитетінің кезекті отырысында Олимп бағ­дарламасына кіргеннен кейін бұл спорт түрінің дамуы жылдам қарқын ала бастады. Елімізде альпинизммен кәсіби түрде шұ­ғыл­данатын Әмір Маймұратов, Бек­нұр Алтынбеков, Әлішер Мұ­­рат, Тамара Олжабаева және Әсел Марленова сынды сандаған спорт­шы бар. Солардың арасында Ришат Хайбуллиннің шоқтығы биік.

Қазақстан атлеттері аталған спорт түрінен алғаш рет 2018 жылы Азия ойындарына қатыс­қа­­нымен, жеңіс тұғырынан кө­ріне алмады. Араға бір жыл салып Жапонияда өткен әлем чемпионатында Ришат Хайбуллин үздік жеті спортшының қатарына ілігіп, Олимпиадаға жолдама алды.

«Қазір бабымдамын. Жос­парланған жарыстарға қаты­сып, шыңдала түстім. Әлем кубогінде жақсы нәтиже көр­сетіп, алға қой­ған мақсатымды то­лық орындадым. Сондай-ақ ха­лы­қаралық жарыстардағы тәжі­рибем де арта түсті. Шыны керек, қандай да бір спортшыны басты қарсыласым деп айта алмаймын. Ең алдымен, өз-өзіңді жеңуің қажет қой. Сондықтан негізінен өз-өзіммен жарысамын», деді Хай­буллин.

Кейіпкеріміз Олимпиада алдында Чехия кубогіне қатысып, «қиындық» жаттығуы бойынша күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Швейцарияда өткен әлем кубогында сегізінші орыннан көрінді.

Алты жасынан бастап құз­ға өрмелеумен шұғыл­дана­тын Ришат бүгінде Олим­пиа­дада жүлде алады деген спорт­шылардың қатарында. Егер де бағы мен бабы қатар шап­са, жер­лесіміздің жетістігіне сүйінші сұрайтын күн де жақын деген үміт­теміз. Қысқасы, үмітіміз үзілген жоқ әлі.

Бөлісу: