Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өте ме?
<p style="text-align: justify;">Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі 2021 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін екеніне сенбейді. Бұған дейін Сауль Альварестің Калеб Плантпен кездесуі болмай қалғаннан кейін қарсылассыз қалғаны белгілі болды, деп жазады <a href="https://www.sports.kz/news/golovkin-i-kanelo-poluchili-novuyu-datu-tretego-boya">Sports.kz</a>.</p>
«Мен Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін қыркүйек айында ұйымдастыруға болатынына сенбеймін. Геннадий енді желтоқсан айында Рета Муратамен жұдырықтасуға толық көңіл бөледі. Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жек олар карьерасын аяқтағанға дейін күн тәртібінде бола береді. Бұл жекпе-жек 2022 жылдың мамыр айында өтуі мүмкін.
Қазір біз Альварестің 18 қыркүйекте жекпе-жек өткізіп-өткізбейтінін шешуіміз керек немесе демалып, биыл бізде тек бір жекпе-жек болатынын қабылдау керек», деп түсіндірді Херн BoxingScene-ке берген пікірінде.