Әлем
1 мин оқу 430

3 жастан асқан балаларға вакцина салуға рұқсат берілді

<p style="text-align: justify;">Біріккен Араб Әмірліктері 3 жастан асқан балаларға қытайлық Sinopharm вакцинасын қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.reuters.com/world/middle-east/uae-rolls-out-sinopharm-covid-19-vaccine-children-aged-3-17-2021-08-02/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Reuters</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Тиісті шешімді Денсаулық сақтау министрлігі Абу-Дабидегі 900 еріктіні сынақтан өткізгеннен кейін қабылдады. Бірақ, бұған қарамастан, зерттеу нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

БАӘ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тамыздың басында халықтың 78 пайыздан астамы - шамамен 9 миллион адам вакцинаның алғашқы дозасын алды. Вакцинацияны аяқтағандар - 70 пайыз.

Қазақстанда 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мәселесі қарастырылуда. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың таңдау құқығымен ерікті түрде өткізілетінін атап өтті.

Бөлісу: