Оқиға
1 мин оқу 450
Қостанайдағы мелькомбинаттан өрт шықты
<p style="text-align: justify;">2 тамыз сағат 22:20-да байланыс пунктіне Қостанай қаласында Наримановская көшесінде болған өрт туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сағат 22:28-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, өрт ошағын сөндіре бастады.
Өрттің ұн және макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын - «Қостанай мелькомбинат» АҚ үш қабатты әкімшілік ғимаратының шатырына жайылғаны анықталды. ТЖ орнында жеке құрамнан 48 адам және 8 бірлік техника жұмыс істеді. Келген құтқарушылар дереу өрт сөндіруге кірісті. Сағат 23:44-те жалынның беті қайтып, өрт сағат 00:17-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу: