Оқиға
1 мин оқу 231

Павлодар облысында оқушы мен студент суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Екі қайғылы жағдай да Ақсу қаласының ауылдық аймақтарында болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="http://xn--avlodarnews-foj.kz/">Рavlodarnews.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

-  2 шілде күні сағат 15.00-де Ақсу ауылдық аймағының Еңбек ауылы маңындағы Белая өзенінде шомылу кезінде колледждің 22 жастағы студенті суға батып кетті. Денесі табылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сол күні сағат 21.45-те Ақсу қаласы Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінің жанындағы Ертіс өзенінде 2005 жылы туған кәмелетке толмаған бала суға батып кетті. Денесі табылған жоқ, жасөспірімнің денесін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу: