«Пәтер ұтып алдыңыз»: Сарыағашта алаяқ ұсталды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Сарыағашта пәтер ұтып алғаны туралы жалған ақпарат таратып, елден ақша алған күдікті қолға түсті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></span></p>
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам қоңырау шалып «пәтер ұтып алдыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аударуыңыз керек» деп есепшотына ақша аудартып алған.
Аталған жайтты Сарыағаш АПБ-ның полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Күдіктінің ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр.