Теннис
1 мин оқу 167

Бублик пен Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды

<p style="text-align: justify;">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Қазақстан командасының үздігі Александр Бублик 39-шы орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин бес сатыға сырғып, 132-ші орынға тұрақтады. 

Ерлер арасында Новак Джокович (Сербия)  көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Даниил Медведев, үшінші сатыда испандық Рафаэль Надаль. 

Әйелдер командасының үздігі Елена Рыбакина 20-шы орында. Юлия Путинцева 35-ші сатыға оралса, Зарина Дияс ТОП-100 қатарынан шығып қалды. 

Рейтингте австралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. Екінші орында жапониялық Наоми Осака, үшінші сатыда Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан. 

Бөлісу:
Бублик пен Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар