Аймақтар
1 мин оқу 270

Семейде «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында &laquo;КамАЗ&raquo; бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жол-көлік оқиғасы бүгін Семейдегі Селевин-Титов көшелерінің қиылысында орын алған.

«Бүгін, 3 тамызда «ВАЗ 2109» және «КамАЗ» маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты. «ВАЗ 2109» көлігінің жүргізушісі кабинада қысылып қалған. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамның аяғын босатты. Зардап шеккен азамат емханаға жеткізілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Семейде «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар