Өзбекстан Президенті Түркістанға тарту ретінде үлкен мешіт салдыруда
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтеріп жатыр. Жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетуде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған.
Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыс нақышында жүргізілуде. Жаңа жоба жан-жақты зерделеніп, әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген.
Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 мың шаршы метр.
Айта кетейік, бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі таңда облыс орталығының әкімшілік-іскерлік орталығында 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй бой көтерді. Сондай-ақ әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.