Аймақтар
1 мин оқу 270

Атырауда коронавирустан 6 572 науқас емделіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6&nbsp;572 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда коронавирустан 6 572 науқас емделіп жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 тамызда коронавирус инфекциясына 406 адам шалдыққан.

«Өткен тәулікте Атырау қаласында 256 науқас тіркелді. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 64 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында 34, Индерде – 11, Қызылқоғада – 11, Исатайда – 10,  Құрманғазыда – 10, Махамбетте – 7, Мақат ауданында 3 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір үй жағдайында емделіп жатқандар саны 4 984 адамға жетіп отыр. Сондай-ақ аудандардағы инфекциялық стационарларда – 412, Теңіз кен орнындағы стационарда – 344, модульдік ауруханада – 201, №2 облыстық ауруханада – 199, теміржол ауруханасында – 111, кардиологиялық орталықта – 102, фтизиопульманология орталығында – 86, облыстық ауруханада 45 пациент оқшауланған. Инфекциялық стационар үшін дайындалған жатақханаларда 88 науқас жатыр.  

Бөлісу:
Атырауда коронавирустан 6 572 науқас емделіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар