Айнабеков апелляциялық сотта ақталып шықты
<p style="text-align: justify;">Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің бұрынғы төрағасы Айнабеков апелляциялық сотта ақталып шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Айнабеков Е. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы бола отырып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. 2017 жылдың ақпан-сәуірінде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының улы химикаттарымен химиялық өңдеу қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың жеңімпазы өз міндеттемелерін тиісінше орындамады, техниканы уақтылы тапсырмады. Бұл Марокко шегірткесінің қаптап кетуіне себеп болды.
Айнабеков бұл туралы біле тұра, ЖК мүддесінде әрекет етіп «Фитосанитария» РМК басшысы - Төлебаевты РМК-ға 520 855 теңге мөлшерінде шегірткеге қарсы күрес бойынша қосымша жұмыс жүргізу үшін арнайы техниканы беруге мәжбүрледі. Сондай-ақ, Айнабеков ЖШС басшысын қосымша алаңдарды өңдеу үшін ЖК-ге 18 100 000 теңге сомасында улы химикатты тегін беруге заңсыз мәжбүрледі деп айыпталды», деді сот өкілі.
Бұдан бөлек Айнабеков Астана МАЭС-тің қызмет мүдделеріне қайшы әрекет ете отырып, 30 040 695 теңге сомасында бюджет қаражатын заңсыз ЖК-ға бөлді деп айыпталды.
«Нұр-Сұлтан сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы үкімімен Айнабеков өзінің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тағылған айып бойынша ақталды.
Сот Айнабековтың әрекеттерінде артық өкілеттіктер мен оларды теріс пайдалану болған жоқ, өйткені техниканың уақтылы келуін және алқаптарды шегірткеден өңдеуді бастауды бақылау АШМ комитетінің аумақтық инспекциясы басшылығының міндетіне кіргенін анықтады», деп толықтырды сотта.