54 рет ерже бұзған жүргізушіге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды
<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптада айыппұлын төлемеген 56 автокөліктің иесі анықталып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Аталған автокөліктердің жүргізушілері жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғаны үшін «Сергек» камераларына түскен. Патрульдік полиция қызметкерлері 30 шілдеде сағат 11:10 шамасында Махамбет көшесі мен Бейбарыс даңғылының қиылысында «Тoyota Camry» автокөлігін тоқтатты. Армениядан әкелінген көлікті 1974 жылы туған әйел басқарған. Тексеру кезінде аталған иесінің 1 млн 38 452 теңгені құрайтын 54 айыппұлды төлемегені анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 785-бабына сәйкес айыппұлын төлемеген жүргізушінің армениялық көлігі арнаулы тұраққа қойылды.