Атырауда жылқышыны өлтірген үшеуге сот үкімі шықты
<p style="text-align: justify;">Былтыр Жылыой ауданында жоғалған малын іздеген жылқышы жоғалып, артынан оны өлтірген үш күдікті ұсталған еді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жақында облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) Т., ал, аталған Кодекстің 432-бабымен (қылмысты жасырып қалу) М., Қ. кінәлі деп танылды.
«Сот талқылауында сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, мүрдені табу хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбалармен дәлелін тапты. Сот Т.-ның бұрын адам өлтіргені үшін сотталып, сол үкіммен тағайындалған 17 жыл мерзімін толық өтелмегенін ескеріп, оған түпкілікті 15 жыл 10 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алғашқы 3 жылын түрмеде өтеуді белгіледі. Сотталушы М.-ның жазасын жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларды анықтамай М.-ға 5 жыл, Қ.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.