Қазақстан
1 мин оқу 740

Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы ресми сапармен Беларусь еліне барды

<p style="text-align: justify;">Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары &ndash; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренинмен және Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Виктор Гулевичпен кездесулерде қорғаныс саласындағы қазақстан-беларусь ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, екіжақты және көпжақты негізде жауынгерлік даярлық іс-шаралары мен оқу-жаттығуларды өткізуді, Армиялық халықаралық ойындарды ұйымдастыру және оған қатысу, кадрлар даярлау және әскери білім беру, әскери-техникалық ынтымақтастық, патриоттық тәрбие мәселелері.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілікті атап өтті.

Сапар барысында Беларусь Республикасының Әскери академиясына, жеке десанттық-шабуылдау бригадасына, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына, Ұлы Отан соғысы тарихи жәдігері Беларусь Мемлекеттік мұражайына барды.

Қазақстандық делегация Бресттің күштік құрылымдарының басшылығымен, сондай-ақ Беларусь Қарулы Күштерінің Әуе-десанттық әскерлері мен Арнайы операциялар күштерінің ардагерлерімен кездесті. Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов «Брестская крепость-герой» мемориалдық кешені мен Минск қаласындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды.

Бөлісу:
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы ресми сапармен Беларусь еліне барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар