Экономика
3 мин оқу 290

Сабақтастық сақталады

<p class="2017-" style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, &laquo;Бәйтерек&raquo; ұлттық басқарушы холдингі агроөнеркәсіптік блоктың еншілес компанияларын қайта ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл ретте қолға алынған жұмыстар шаруалар үшін қаржыландыруға деген қолжетімділікті қиындатпауы тиіс. Холдингтің осы бағытта жүргізіп отырған жұмысы туралы &laquo;Бәйтерек&raquo; ҰБХ&raquo; АҚ Басқарушы директоры Мұрат Дәрібаевтан сұрап білген едік.</p>

Сабақтастық сақталады

– Мұрат Аманкелдіұлы, осы жылдың наурыз айында «ҚазАгро» холдингі «Бәй­те­рекке» қосылды. Сөйтіп, «Бәй­теректің» компаниялар тобы тағы үш қаржы институты­мен толықты: «Ауыл шаруа­шы­­лығын қаржылай қол­дау қоры», «Аграрлық несие кор­по­­­рациясы» және «ҚазАгро­Қар­жы». Бұлардың бәрі ауыл шар­уа­шылығы саласында өзін­­­дік орны бар іргелі даму инс­­титут­тары екенін білеміз. «Бәй­­­те­ректің» аталған ком­па­ния­­­ларға қатысты алдағы жос­па­ры қандай?

– Мемлекет басшысы «Бәйте­рек» холдингінің алдына еншілес компаниялардың санын екі есе қыс­қарту міндетін қойғаны бел­гілі. Аграрлық секторда жұмыс іс­тейтін компанияларға, яғни ша­ғын бизнеске микрокредит беруді жүзеге асыратын «Ауыл шаруа­­шы­лығын қаржылай қол­дау қорын» «Аграрлық несие кор­по­ра­циясына» қосу жоспарлануда. Ол өз кезегінде саладағы орта және ірі жобаларды, сондай-ақ егіс және егін жинау жұмыстарын қар­жыландыруға бағытталмақ.

Осылайша, «Аграрлық несие корпо­рациясы» бірыңғай салалық кредит беруші ұйым атанады. Сонда фермерлер де «несие алу үшін қайда жүгіну керек?» деген сұрақпен бас қатырмайды. Әйтпесе, осыған дейін олар несие корпорациясына немесе қаржылай қолдау қорына жүгі­не­рін білмей, сенделіп келген еді.

Сонымен қатар ауыл шаруа­­шы­лығы техникасы мен жаб­дық­­тарын лизингке беретін рес­пуб­­ликадағы ең ірі компания – «Қаз­АгроҚаржы» акционерлік қоға­мы «Бәйтерек» холдингінен «Аг­рар­лық несие корпорациясына» ен­ші­лес компания ретінде беріледі.

Банктер тарапынан агроө­нер­кәсіп субъектілеріне бері­ле­тін кредиттерге кепілдік беру жөніндегі қызмет «Ауыл шаруа­шы­лығын қаржылай қолдау қо­рына» тиесілі еді. Енді бұл қыз­мет «Бәйтеректің» тағы бір еншілес компаниясы – кәсіп­кер­лік субъектілері үшін банк несие­ле­ріне кепілдік беретін «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қорына бері­леді.

– Бұл жағдай ауыл шаруа­шы­лығы тауарын өндіруші­лер­ді қаржыландыру кезінде көр­се­­ті­летін қызметтердің қол­же­­тім­­ді­лігіне кері әсер етпей ме?

– Өзде­ріңіз білетіндей, бұрын­ғы «ҚазАгро» холдингінің үш еншілес компаниясы агро­өнер­­­кәсіп субъектілерін ауыл ша­­­руа­­шылығы техникасы мен жаб­дық­тарын қолжетімді несиелеуде, лизингпен қамтамасыз етуде басты рөл атқарды. Сондықтан компа­нияларды қайта құру про­цес­тері қаржыландыруға деген қолжетімділікті қиындатпауы керек. Біздің мақсат – сабақ­тас­тықты сақтау. Түптеп келгенде өзгерістер компания клиент­те­рі­нің қызметіне әсер етпеуі тиіс.

Біріншіден, еншілес ұйым­дар­ды қайта ұйымдастыру ке­зін­де қаржыландырудың қол­да­ныстағы шарттарын қайта қарау­дың қажеті жоқ. Десе де «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» «Аграрлық несие кор­порациясына» қосылғаннан кейін кредит таңдау кезінде фермерге бағдарлауды жеңілдету үшін несие бағдарламалары кеңей­тілуі мүмкін. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өн­дірушілер үшін сыйақы мөл­шер­­лемесі, кредит беру мерзімі, жеңілдікті кезең секілді басқа да негізгі шарттар өзгеріссіз қала­ты­нын бөле-жара атап өткім келеді.

Екіншіден, қосылу кезінде қаржы қызметтерін көрсететін негіз­гі бизнес-процеске тартылған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» іс басындағы өндірістік персоналы «Аграрлық несие корпорациясына» ауыс­ты­рылады. Олардың бәрі – тә­жірибелі кадрлар. Олар фер­мер­лерге қызмет көрсетудің ерек­­шеліктерін жақсы біледі. Сон­дық­тан мұндай мамандардан айырылып қалуға болмайды.

Сондай-ақ бұл жағдай компанияларды біріктіру сәтінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» несие беру үшін келіп түскен өтінімдерді қарауға қатысты туындауы мүмкін-ау де­ген кідірістердің алдын алмақ.

Үшіншіден, бізде компанияларды қайта ұйымдастыру бойынша нақты әрі дәйекті іс-шаралар жоспары мен мерзімі бекітілген жол карталары бар. «Бәйтерек» холдингі қайта ұйымдастырудың барлық процесін тұрақты бақы­лау­да ұстайды және жалпы үйлес­ті­руді жүзеге асырады.

– Компанияларды қайта ұйым­­­дастыру толықтай қашан аяқ­­тал­мақ?

– Қайта ұйымдастыруға қа­тыс­­ты мәселелердің барлығы бірдей «Бәйтерек» холдингінің құзы­ретіне жатпайтынын атап өту маңызды. Бұл ретте Ауыл шаруа­шылығы, Ұлттық экономика министрліктерінің жекелеген бұйрықтарына және бірқатар заң­ға өзгерістер енгізу талап етіледі.

Компанияларды қайта ұйым­дас­тырудың негізгі процестерін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нормативтік-құ­қық­тық актілерді уақтылы түзету кезінде қызметкерлерді ауыстыру және несие қоржынын аудару да осы мерзімде аяқталуға тиіс.

– Сұрақтарға тұщымды жа­­уап бергеніңіз үшін рахмет.

Әңгімелескен

Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу: