Экология
1 мин оқу 415

Шайтанкөлге шаң жуытпайды

<p style="text-align: justify;">Тау басындағы таңғажайып Шайтанкөлдің жағасына қалайша қоқыс шашып кетуге болады? Өкінішке қарай, кейінгі кездері көздің жасындай көлді тамашалауға келген туристер тазалық дегенге мән бермейтін болыпты.</p>

Шайтанкөлге шаң жуытпайды

Міне, осы айтылған кем­шілікті жою мақсатында Қар­қаралы жастар ресурстық ор­талығы бастама көтеріп, ерік­тілер табиғаттың тазалығы үшін күреске шықты. Еріктілердің туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілігі тәнті етеді.

– Шайтанкөл – Қарқаралы ауданының інжу-маржаны. Жыл сайын көлдің жағасында жүз­деген турист болады. Өкінішке қарай, олар көбінесе өздерінен кейін қоқыс тастап кетеді. Біз мұны көре тұра, қол қусырып отыра алмаймыз. Сондықтан қоқысты өз күшімізбен жинау­ды жөн көрдік, – дейді олар.

Шайтанкөлдің жағалау аума­ғын тазарту жұ­мыс­тарына JasStar еріктілер жасағының волон­терлері және «Жасыл ел» жастар отрядының сарбаздары бар, барлығы 15 жас атсалысты.

Қарқаралы ауданының жас­тар ресурстық ор­талығының директоры Ерсайын Қобланды ерік­тілердің арқасында көл аумағының қоқыстан тазарып, өзінің таза табиғи кейпіне қайта орал­ғанын мақтанышпен айтады. Жастар алдағы уақыт­та да Қарқаралыдағы көздің жауын алар сұлу­лықтың тазалағын жіті назарда ұстаймыз деп отыр.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы

Бөлісу:
Шайтанкөлге шаң жуытпайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар