Білім
1 мин оқу 253

Мажарстанда тегін білім алады

<p style="text-align: justify;">Алдағы уақытта 200-ден астам қазақстандық Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Осы&shy;нау мүмкіндік Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ре&shy;сурс&shy;тар министрлігінің келі&shy;сімдерінің нәтижесінде жүзеге аспақ. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Мажарстанда тегін білім алады

«Біздің отандастарымыз Stipendium Hungaricum сти­пендиялық бағдарламасы бо­йын­ша оқиды. Бұл тізімді мажар тарапы үміткерлердің мамандық таңдауына деген ынтасына, олардың теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған са­ла­сындағы жетістіктеріне сүйе­­не отырып бекітті. Сон­дай-ақ әңгімелесу кезінде канди­дат­тардың жеке қасиеттері ес­керілді», деп атап өтті Білім және ғылым министрлігі Халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің міндетін атқарушы Данияр Мұ­қи­танов.

Стипендиаттар Мажарстанда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылдаушы тараптың есебінен оқиды. Сонымен қатар 70-тен аса адамнан тұратын резервтік тізім жасалды. Барлық үміткердің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланған.

Осы орайда үкіметаралық келісімдер аясында 330 қазақ­стандық әлемнің жетекші жо­ғары оқу орындарында, оның ішінде Мажарстан, Польша, Қы­тай, Украина, Словакия, Әзер­байжан және Вьетнам уни­вер­ситеттерінде тегін оқи алатынын айта кеткен жөн.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: