Білім
1 мин оқу 1,060

БҒМ жаңа оқу жылының мерзімін бекітті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 27 шілдедегі &laquo;Орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығы мен каникул кезеңдерін айқындау туралы&raquo; бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021- 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын», деп жазылған құжатта. 

- 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;

- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі 1-11 (12)-сыныпқа арналған каникул кезеңдері:

  • күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан  аралығында),
  • қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),
  • көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

1-сыныпта қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Бұйрық 9 тамыздан бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
БҒМ жаңа оқу жылының мерзімін бекітті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар