Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы басшысы Сапархан Омаров «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметіне сайланды, деп хабралайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> АШМ ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
«С. Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының биылғы 28 шілдедегі № 227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына сайланды», делінген министрлік сайтында.