TOKYO2020
1 мин оқу 710
Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль иеленді
<p style="text-align: justify;">Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы америкалықтан жеңіліп қалды.
28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.
Бөлісу: