Коронавирус
1 мин оқу 290

Токио Олимпиадасында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

<p style="text-align: justify;">Токиодағы Олимпиадада тәуліктік жұқтыру рекорды тіркеліп, Жапония астанасында ТЖ режимі ұзартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.dw.com/ru/svyshe-300-chelovek-na-olimpijskih-igrah-zarazilis-koronavirusom/a-58749993" target="_blank" rel="noopener noreferrer">dw.com</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайының максималды көрсеткіші тіркелді. 24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды.

Бұл туралы «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің сайтында сәрсенбі, 4 тамыз күні жарияланған есепте мәлім етілді. Жұқтырғандардың арасында төрт спортшы бар. Жарысты өткізуге атсалысқан адамдардың ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 322-ге жетті.

Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Токиода төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь сатуға тыйым салуды және көрермендерді бұқаралық іс-шараларға жіберуді шектеуді көздейді.

Еске сала кетсек, Олимпиада Жапония астанасында көрермендерсіз өтіп жатыр.

Бөлісу:
Токио Олимпиадасында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар