Елорда
1 мин оқу 190

8 мыңнан астам елордалық үй карантинін бұзған

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ashyq&raquo; жобасына қатысушы нысандар үй карантинін бұзған 8 мыңнан астам келушіні анықтады. Оның ішінде &laquo;қызыл&raquo; статусы бар 5 мыңға жуық келуші және &laquo;сары&raquo; статусы бар 3453 адам бар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына <a href="https://astana.gov.kz/kz/news/news/28305">сілтеме</a> жасап.</p>

Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары үй карантинін бұзған «қызыл» статусы бар келушілерге қатысты хаттама жасады.

Егер карантиндегі науқас санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамай, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзса және өзгелерге қасақана жұқтыру қаупін тудырса, заңға сәйкес оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

«Қызыл» және «сары» статусы бар адам өзін-өзі оқшаулау тәртібін ерікті шара, оны қатаң сақтау міндет емес деп санайды. Осылайша өзгелерге қауіп тудыратынын түсінбей, емін-еркін серуендеп жүреді. Өйткені, вирус адам ағзасына түскеннен кейін біраз уақыт инкубациялық жағдайда болады, ал оны жұқтырған адам өзгелермен қарым-қатынас жасай отырып, инфекцияны тарататынын түсінбейді», деп атап өтті онлайн-брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Естеріңізге сала кетейік, науқастармен байланыста болған, алайда COVID-19-дың теріс ПТР-тест нәтижесі бар адамның «сары» статусы 14 күнге дейін сақталады.

Бөлісу:
8 мыңнан астам елордалық үй карантинін бұзған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар