Нұр-Сұлтанда қандай вакциналар бар?
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда тұрғындары қандай вакцинамен егілетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.zakon.kz/5078085-kakie-vaktsiny-ostalis-v-nur-sultane.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">zakon.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
«Бүгінгі таңда елордада вакцинаның екі түрі бар - «Спутник V» және «QazVac», деп хабарлады Сархат Бейсенова.
Қаланың бас санитарлық дәрігері күн сайын елордада 5-6 мың адамға дейін вакцинацияланатынын атап өтті. Бұл негізінен 20-59 жас аралығындағы азаматтар.
Қалада медициналық ұйымдарда 83 егу пункті және СОО-да 8 уақытша пункт жұмыс істейді.
Шілде айының басында Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары қытайлық «Нayat-Var» және «CoronaVac» вакциналарының жоқтығына шағымдана бастады. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз айында қосымша 8 миллион доза вакцина түсетінін айтты.