Көкшетауда 150-ден астам нәресте коронавирус жұқтырған
<p style="text-align: justify;">Шілдеде айында коронавирус жұқтырғандардың көкшетаулықтардың 76%-ы - 60 жасқа дейінгі адамдар,14%-ы - 17 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар, бір жасқа дейінгі 150-ден астам бала COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитары Қанат Ысқақов айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығын бағалау матрицасына сәйкес, 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап Ақмола облысы «қызыл» аймақта.
Көкшетау қаласында пандемия басталғалы бері 9920 адам вирус жұқтырған. Шілдеде 1527 жағдай тіркелсе, маусым айында 4,5 есе аз - 341 жағдай.
«Соңғы тәулікте 65 адам вирус жұқтырды, оның ішінде 5%-ында ауру симптомы жоқ. 7 өлім тіркелді. Бүгінгі күні облыс орталығындағы төсек қорының жүктемесі 115%-ға дейін өсті. 598 адам ауруханаға жатқызылды, 65 пациент реанимацияда, үш науқас оттегіге тәуелді. Науқастардың 99%-ы екпе алмаған», деді Қ.Ысқақов.