Ғалымдар балалардың коронавируспен ұзақ ауырмайтынын айтты
<p style="text-align: justify;">The Lancet Child & Adolescent Health журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, Ковид-19 белгілері бар балалар әдетте алты күнде сауығып кетеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz </a><a href="https://www.brusselstimes.com/news/belgium-all-news/health/180084/children-recover-from-covid-19-symptoms-in-an-average-of-six-days/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">The Brussels Times</a>-қа сілтеме жасап.</p>
Авторлар, оның ішінде Лондонның Корольдік колледжінің өкілдері, бұл мәселе бойынша алғашқы кеңейтілген зерттеу жүргіздік деп мәлімдейді. Зерттеушілер 5 пен 17 жас аралығындағы 1734 баланы зерттеді.
«Covid-19 вирусымен ұзақ уақыт ауыратын балалардың саны өте аз екені көңілге қуаныш ұялатады», дейді жетекші автор Эмма Дункан.
«SARS-CoV-2 инфекциясы балаларда әдетте асимптоматикалық түрде өтеді немесе қысқа мерзімді ауру тудырады», деп жазылған мақалада.
Орташа алғанда, оларда үш симптом болды: шаршау, бас ауруы, дәм мен иістің жоғалуы.
Төрт аптадан кейін балаларда инфекция белгілері сирек кездеседі. Сегіз аптадан кейін тек 2%-ында симптом болды.
Балалардың көпшілігі бір апта ішінде сауығып кетті.
Егде жастағы балалар кішкентай балаларға қарағанда біршама ұзақ ауырады: 12-17 жас аралығында сауығу үшін қосымша апта қажет болды, ал кіші балаларға тек бес күн қажет.