Қазақстан
1 мин оқу 1,431

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы айтылды

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 5-7 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің батысында термометр бағандары түнгі уақытта 15-25 градус жылыны, солтүстігінде 10-20 градус жылыны көрсетеді. Күндізгі уақытта ауа температурасы батыста 27-35 градусқа дейін, солтүстікте 23-30 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста және орталықта ауа температурасы түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус аралығында болады.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық, құрғақ ауа райы сақталады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Алдағы күндері ауа температурасы түнде 20-28 градус, күндіз 32-42 градус болмақ.

Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар