Әлем
1 мин оқу 300

Талибтердің шабуылы

<p style="text-align: justify;">Сәрсенбіде Ауғанстанның бас қауіпсіздік агент&shy;ті&shy;гінің кеңсесінің жанын&shy;дағы жарылыс салдарынан үш адам жарақат алды. &laquo;Талибан&raquo; миналанған көліктің жарылуы және қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Бисмилла Мо&shy;хам&shy;мадидің үйіне атыс қаруы&shy;мен жасалған шабуылды өз мойнына алды.</p>

Мохаммади Кабулдағы кешен­дердің бірінде жүріп, шабуылдан аман қалды. Бірақ бұл оқиға ел­дегі қауіпсіздік жағдайының на­шар­лауының айқын көрінісі бол­ды. Өйткені АҚШ бастаған шетел­дік күштер әскерін елден шығар­ғаннан кейін көтерілісшілер айтар­лықтай аумақты басып алды. «Талибан» өкілі министрдің резиденциясын нысанаға алғандарын айтты, өйткені онда маңызды кез­десу өтіп жатқан. Үкімет әскер­лері шабуылдаушылармен төрт сағаттан астам уақыт бойы атыс­қан. Ішкі істер министрлігі кем деген­де сегіз бейбіт тұрғын қаза тауып, 20 адам жараланғанын хабарлады.

Бөлісу:
Талибтердің шабуылы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар