TOKYO2020
1 мин оқу 162

Токио-2020: Данияр Қайсанов финалға шыға алмады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында финалға шыға алмады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Қайсанов жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы ресейлік Заурбек Сидаковтан 0:11 есебімен жеңіліп қалды. Енді қазақстандық балуан қола медаль үшін тартысқа түседі. 

Бұған дейін Данияр Қайсанов ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенмен белдесіп, 8:5 есебімен жеңіске жеткен. Ал 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуроны жеңген болатын.
Бөлісу:
Токио-2020: Данияр Қайсанов финалға шыға алмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар