Шымкентте карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды
<p style="text-align: justify;">Сайрам көшесі бойында орналасқан «Алма» мейрамханасы карантин талаптарын бұзып, түнгі 22:54-те келушілерді қабылдаған. Бұл туралы Еңбекші ауданының полицейлері хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Polisia.kz жазуынша, аталған мекеме Ashyq бағдарламасына тіркелмеген. Келген қонақтардың дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Осы жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.