Аймақтар
1 мин оқу 280
Атырауда есірткі тасымалдаған полицейлер сотталды
<p style="text-align: justify;">Атырау қалалық No2 соты есірткі тасымалдау кезінде ұсталған екі полиция қызметкерін 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>,</p>
Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік полицияның екі қызметкері Алматыдан марихуананың ірі партиясын сатып алып, мотоцикл шинасымен тасымалдаған. Олар 14 ақпанда Атырау-Доссор тас жолында ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағы бойынша жүргізілді. Сот айыпталушылардың құқық қорғау органында қызмет ету кезінде ауыр қылмыс жасағанын және антты бұзғанын ескерді. Полицейлерді шенінен айырып, әрқайсысын 7 жылға соттады.
Бөлісу: