Әлем
1 мин оқу 220
Жапонияда COVID-19 жұқтыру дерегі күрт көбейді
<p style="text-align: justify;">Жапонияның көп ауданында коронавирус жұқтыру дерегі бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп жатыр. Бұл туралы экономиканы қалпына келтіру министрі Ясутоси Нишимура мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Министрдің айтуынша, соңғы апталарда COVID-19 кластерлері бұрын сирек кездесетін дүкен, шаштараз және мектептерде көбейіп жатыр.
«Елдің көп ауданында коронавирус бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп жатқанын байқаймыз. Елдің астана аймағында ғана емес, Кансай аймағы мен Кантоның солтүстік аймағынан бастап, бүкіл ел бойынша жаңа инфекциялар саны бұрын-соңды көрмеген қарқынмен өсті», деді Нишимура.
Бөлісу: