Саясат
1 мин оқу 111

Түркістандықтармен кездесті

<p style="text-align: justify;">Сенаторлар Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде Палатаның өткен сессиядағы жұмысының қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.</p>

Түркістандықтармен кездесті

Кездесуге мәслихат депу­таттары, зиялы қауым, қоғам­дық ұйымдар мен саяси партиялар, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ Түркістан және Кентау қала­лары бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.
Сенаторлар кездесу кезінде өткен сессия бары­сында еліміздің дамуы үшін аса ма­ңызды заңдар қа­былданғанын және бірқатар заң Прези­­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленгенін атап өтті.
Мәслихат депутаттары мен жұртшылық өкілдері ауыл ша­руашылығы мақсатындағы жер­лерді жеке меншікке алу мен жал­ға беруге, жайылымдарды пай­да­лануға, шағын және орта биз­несті дамытуға байланысты мә­се­ле­лерді көтерді. Сенаторлар бұл мә­се­лелерді одан әрі шешу үшін тиісті мемлекеттік орган­дар­­­мен жұ­мыс істеуге ниеттеніп отыр­ғанын атап өтті.

Бөлісу: