Білім
2 мин оқу 511

Қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты

<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты. Енді қазақстандықтарға Словакия, Әзербайжан және Вьетнам елдері де гранттар бөледі.</p>

Қазақстандықтар тегін  оқи алатын елдер саны артты

Осылайша, 2021 жылы білім беру саласындағы келісімдер аясында мемлекеттер саны 10-ға дейін артты. 2019 жылы мұн­дай тізімде 7 ел бол­ған еді. Біз­дің та­лап­керге грант ұсынатын мем­лекет­тер қатарында Мажар­стан, Польша, ҚХР, Украина, Беларусь, Қыр­ғыз­стан және Тәжікстан бар.

Өткен екі жылда мыңға жуық қазақстандық осы елдер­дің жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алды. Биыл қазақ­стандықтарға 500-ге жуық грант бөлінді. Үкімет­ара­лық гранттар аясында қазақ­­стандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқи алады.

«Жоғары білім беру сала­сындағы халықаралық ынты­мақтастық кадрлық әлеуетке оң әсерін тигізді. Отандық жоғары оқу орындарында білім беру процесінің сапасын күшейтумен қатар, азамат­тары­мыздың әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында бі­лім алу мүмкіндігіне ие болуы үшін жағдай жасау қажет. Біз «Болашақ» бағ­­дар­ламасы бо­йынша ғана емес, үкіметара­лық келісім­дер шеңберінде де қазақстан­дық­тарды тегін оқыту үшін елдер географиясын кеңейтіп жатырмыз. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандар алған білімдерін өздері еңбек ететін саланы дамыту үшін қолданады деп үміттенеміз», деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2019 жылмен салыстыр­ғанда конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірушілер саны 15%-ға өсті. Үміткерлерді ірік­теу­ді депутаттар, сарап­шы­лар, ин­же­нерлік-техни­ка­­лық, меди­циналық, гумани­тар­лық және жаратылыстану ғылымдарының ғалым-доктор­ларынан тұратын Тәуелсіз комиссия жүргізеді.

Үкіметаралық келісімдердің операторы – Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығы.

Бұл ретте осыған дейін Қазақ­­­станның Білім және ғылым ми­нистрі мен Еуропалық одақ­тың Қазақстандағы елшісінің қаты­суымен өткен форумда тараптар білім беру саласындағы бірлес­кен ынтымақтастық мә­се­лелерін талқылағанын айта кеткен жөн.

Бөлісу: