Аймақтар
2 мин оқу 223

Шымкент гарнизонында ведомствоаралық кеңес өтті

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригада базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында 2021 жылдағы сегіз айдың қорытындысы бойынша әскери бөлім командирлерінің әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы баяндамалары оқылды.

«Құқық қорғау органдарының өкілдерімен қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу қажет. Әскери бөлім басшылығына қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға және басқа да заңдарды бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайлардыжою бойынша қолдау көрсетуге назар аудару керек», деп атап өтті өз баяндамасында әскери прокурордың орынбасары әділет подполковнигі Ермек Шалбаев.

Барлық баяндама аяқталғаннан кейін әскери прокурор әділет полковнигі Бағлан Телеу гарнизонның әскери бөлімдерінің командирлеріне құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмау, сондай-ақ әскери қылмыстар бойынша ҚР ҚК баптарын жеткізе отырып, алдын алу жұмыстарын жалғастыру жөнінде нақты ұсыныстар берді.

Отырыс аяғында ҚР Қарулы Күштері қатарында бұрындары жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы бейнефильм көрсетілді.

Ведомствоаралық кеңес аяқталғаннан кейін әскери бөлімдердің командирлеріне қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу бойынша міндеттер қойылды.

Кеңеске ҚР ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияларының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен өтті.

Бөлісу:
Шымкент гарнизонында ведомствоаралық кеңес өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар