Қазақстан
1 мин оқу 1,400

Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 7-9 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Сондай-ақ солтүстік өңірлерде желдің күшеюі және ауа температурасының 20-25 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, республиканың батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар