Аймақтар
1 мин оқу 613

Алматыда шағын маркет өртенді

<p style="text-align: justify;">Алматыда Медеу ауданындағы шағын маркет өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады.

«6 тамызда таңғы сағат 9:26-да өрт сөндіру бөлімі Желмая көшесі 24 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарландыру алды. Бір қабатты  «Бұлбұл» шағын маркетінің шатырынан шыққан ашық жалын қойма шатырын шарпыған», деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті ауыздықтап, жапсарлас тұрған ломбард, дәріхана, сусын сататын дүкен және жазғы кафеге таралуына жол бермеді.

Департаменттің жазуынша, зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Алматыда шағын маркет өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар