Медицина
1 мин оқу 6,050

Зейнетақы қаражатын пайдалану тәртібі өзгереді

<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізілетін <a href="https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37553424&amp;fbclid=IwAR1iPW94FC8u7dIibRPP8ev-KPc2hH-grxRakuy-c_9uwF4B-IDW_Cuf5K4#pos=1;-14" target="_blank" rel="noopener noreferrer">бұйрық</a> жобасын дайындады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атап айтқанда, зейнетақы қаражатын ем шараларына пайдалану аясын кеңейту жоспарланып отыр.

Бұйрықтағы өзгерістер мен толықтырулар:

  • Ата-аналарының, жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің зейнетақы төлемдері есебінен балаларды емдеуге мүмкіндік беру;
  • Зейнетақы төлемдерін шетелде емделуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылған;
  • Емдеу бойынша бұрын келтірілген шығындарды өтеуге пайдалану.

Сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін жұмсауға болатын медициналық қызметтердің тізбесі кеңейтілуде:

  • Ортопедия (барлық түрлері), имплантация (барлық кезеңдері), ортодонтия (барлық түрлері, оның ішінде алынбайтын конструкциялар);
  • ҚР аумағында санаторлық-курорттық емдеу;
  • ТМККК шеңберінде немесе ММС жүйесінде оларды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда гендік-инженерлік биологиялық терапия; car-т-онкологиялық аурулар кезіндегі жасушалық терапия;
  • ММС көлемінен тыс экстракорпоралдық ұрықтандыру.

Алынған медициналық қызметтер мен сатып алынған дәрілік заттар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

Құжат әлі күшіне енген жоқ. 

Бөлісу:
Зейнетақы қаражатын пайдалану тәртібі өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар