Президент
1 мин оқу 301

Орталық Азия жастарының байланысын дамыту керек – Қ.Тоқаев

<p style="text-align: justify;">ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp;Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуінде&nbsp;жастары арасындағы байланысты дамытуды ұсынды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекет басшысы туыстық байланысты сақтап, күшейту және мәдени-гуманитарлық күн тәртібін жаңа мазмұнмен толықтыру жөніндегі пікірін айтты. Сондай-ақ Қазақстан білім саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуді қолдайтынын жеткізді. 

«Көңіл бөлуді қажет ететін тағы бір сала – елдеріміздің жастары арасындағы байланысты дамыту. Тереңде жатқан тарихи қарым-қатынасымызды сақтап қалуда жастарымыз маңызды рөл атқарады. Студенттер алмасуды кеңейтуді, олардың жақсы білім алуға ұмтылысын жан-жақты қолдауды, Орталық Азия азаматтарының Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуына квота көбейтуді маңызды деп есептейміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Барлық ұсыныстар аймақтағы мемлекеттер мен халықтардың мүддесі жолында жан-жақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдете түсуге деген шынайы ниеттен туындағаны айтылды.

Бөлісу:
Орталық Азия жастарының байланысын дамыту керек – Қ.Тоқаев · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар