Коронавирус
1 мин оқу 190
Елордаға «Спутник V» вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан астанасына Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын вакцинаның жаңа партиясын жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қарағанды фармацевтикалық кешеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы СК-Фармация қоймасына Ресейдің Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы коронавирус инфекциясына қарсы әзірлеген Гам-КОВИД-Вак немесе «Спутник V» препаратының 39 231 құтысы жөнелтілген.
Елорда тұрғындарын вакциналау үшін коронавирусқа қарсы препараттың I компонентінің 135 040 дозасы және II компонентінің 61 115 дозасы жеткізілді.
Бөлісу: